Халықаралық Бакалавриат MYP және PYP: Қағидадан тәжірибеге

    ”Қоғам неғұрлым танылған сайын, текөзінің болашағына жақсы ықпал ететін

дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін

соғұрлым танитын болды. Мектеп – осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал.” 

Джон Дьюи

       Білім беру жүйесінен көрініс табатын көкжиегiмiзде көрініп тұрғaн жарқын болaшақ. Әлем өзгеруде, соған сәйкес мұғалім де өзгеріссіз қалмай, өздерінің білім беру жүйесі арқылы орын алған өзгерістерге қалай ықпал ететіндігін білуі тиіс.

 2023 оқу жылындағы 1,2 ақпан күндері Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының басшысы  С.М.Дауешова мен Астана қаласындағы №81”Astana English School” халықаралық мамандандырылған гимназиясының ұйымдастыруымен  «Халықаралық Бакалавриат MYP және PYP: Қағидадан тәжірибеге» тақырыбында республикалық семинар болып өтті.  «Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы негізінде жұмыс жасайтын мектеп педагогтерінің іс-тәжірибе алмасуы»  мақсатында өткен семинарда:

  • Оқу және оқытудағы дағдыларды дамыту;
  • Білім алушының бағалау мәдениетін жетілдіру және оқу жетістіктерін бағалау;
  • Жаһандық мән-мәтін арқылы білім алушының ынтымақтастығымен халықаралық санасын қалыптастыру міндеттерін негізге алды. Халықаралық Бакалавриат мәдениетаралық түсіністік пен құрмет арқылы жақсы және бейбіт әлемді құруға көмектесетін білімді, білімді және қамқор жастарды дамытуға бағытталған.

        Семинарда Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Амангельдиева Асыл Амангельдиевна,  Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту» орталығының директоры– Еркебұлан Әлімханұлы Жұмашов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директорының орынбасары Жұмагелді Нұрлан Мұғиынұлы,Кавказ және Орталық Азия елдері ХБ мектептері қауымдастығының негізін қалаушы – Гульнара Ислямбековна Салменова және  республика көлеміндегі әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлер және  мектеп директорлары қатысты.

          Семинар барысында алғашқы бөлімінде “Мектеп қауымдастығы School community”  тақырыбында бірнеше бөлімдерге бөлінген: «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі», “Jana tolqyn”«Қамқоршылық кеңес- балалар игілігі үшін»ата-аналар комитеті туралы гтимназияда ата-аналармен жүргізілген жұмыстар барысымен таныстырды. Ал «Постер сессия Poster session: Ынтымақтастық Collaboration» бөлімінде , Трансдисциплинарлық юнит план, «Сиқырлы ғарыш-құпиясы», «Жаңашыл оқушының профайлы» деген тақырыптарда гимназияның  1,2-қабаттарында таныстырылым көрме  қойылып, семинарға келген қонақтарға гимназияның қазіргі таңдағы жаңашылдығымен  танысты.

    Республикалық семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөзді №81”Astana English School” халықаралық мамандандырылған гимназия директоры Г.Д.Садыкова және Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Амангельдиева Асыл Амангельдиевна республикалық семинардың ұйымшылдықпен сәтті өтуіне тілектерін білдірді.

    Семинардың  2 – ші күні  «Педагогикалық  жәрмеңке»  бөлімінде  гимназия ұстаздары ағылшын тілінде  дизайн «3D object models», ағылшын тілі «Netiquette», химия «Physical and chemical properties of acids and bases», тарих «How was the evolution of Kemalism defined in the second half of the XX century?», биология «Modifications»,   физика  «Electrical charge» тақырыптарында  бірнеше пәндерден  ашық сабақтар өткізді.

 «Педагогикалық шеберхана» бөлімінде мұғалімдер  «РҮР оқушы моделін дамыту», «Жеке жобаға кіріспе» «Introduction to the Personal Project», пәнаралық байланыс (IDU) Теориялық және тәжірибе» шебер сынып көрсетіп, одан кейін кітапханада «Peadх» жобасы, TEDx AES  сөз шебері жобасы болып өтті.  

 Семинардың алғашқы күнінің қорытынды бөлімінде рефлексия «Бүгінгі  күн, ертеңгі тарих» деген тақырыппен жас блогерлер семинар барысында  қатысушылар арасында сұхбаттар жүргізіп, семинарға келген қонақтар алған әсерлері мен тәжірибелерін қызыға әрі таңдана білдіре отырып, семинарды ұйымдастырған және атсалысқан мұғалімдерге алғыстарын білдірді.

Республикалық «Халықаралық  Бакалавриат MYP  және  PYP : Қағидадан тәжірибеге»  тақырыбындағы семинардың  екінші күнінде Астана қаласы Әл- Фараби атындағы оқушылар сарайында «Халықарaлық Бакалавриат компоненттеріне шолу» тақырыбында жалғасын тапты.Семинарда №81 «Astana English School» халықаралық  мамандандырылған гимназиясының «Жеке жоба» көрмесі, «Personal Project», «Қоғамға қызмет» көрмесі, «Service as Action», «Пәнаралық байланыс» көрмесі, «Interdisciplinary Unit», «Трансдисциплинарлық зерттеу юниті» көрмесі, «Transdisciplinary Unit of Inquiry» тақырыптарындағы жұмыстары көрсетіліп, Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінің» «Халықаралық Бакалавриат Орта мектеп бағдарламасында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және «Халықаралық Бакалавриат аясында  оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің» сонымен қоса Астана қаласы әкімдігінің  «№73 мектеп-лицейі»«Халықаралық Бакалавриат ІВ PYP бағдарламасына өту жағдайындағы оң өзгерістер»  тақырыптарында халықаралық бакалавриаттың  білуге құштар және мәдениетаралық түсіністік пен сыйластық арқылы әлемді жақсарта білетін және қамқор бола алатын жастарды тәрбиелеу мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың жабылу бөлімі Public Talk  форматында ұйымдастырылды. Семинар қонақтарыАстана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы басшысы Сындар Дауешова,  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылым жөніндегі вице президенті Пұсырманов Нұрбек Серікұлы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директорының орынбасары Жұмагелді Нұрлан Мұғиынұлы, Кавказ және Орталық Азия елдері ХБ мектептері қауымдастығының негізін қалаушы Г.И.Салменовадан  сұрақ-жауап арқылы ой-пікір алмасу болды. №81 «Astana English School» халықаралық  мамандандырылған гимназия оқушылары  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін үш тілде (қазақ, ағылшын, қытай ) орындады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған