Инклюзивті оқу ортасы: ерекше білім қажеттіліктері бар студенттермен арнайы топтарда жұмыс істеу ерекшелігі

2023 жылғы 1 ақпан күні Астана қаласының Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған  ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Инклюзивті оқу ортасы: ерекше білім қажеттіліктері бар студенттермен арнайы топтарда жұмыс істеу ерекшелігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға Астана қаласы ТжКББ ұйымдарының оқытушылары, Әдістемелік орталық әдіскерлері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен  жұмыс жасайтын мамандар және колледж студенттері қатысты.

Семинарда  инклюзивті білім беру бағыты бойынша арнайы пән оқытушылары іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, өндірістік оқыту шебері Ш-357 арнайы топ студенттерімен шеберлік сыныбын өткізді.

         Іс-шара соңында сұрақ-жауап және сауалнама арқылы кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған