2023 жылдың 1 ақпан күні Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының әдіскерлері №77 мектеп-гимназиясында әдістемелік күн өткізді. Орталық әдіскерлері біліктілігін көтеруге өтініш берген мұғалімдердің сабақтарына қатысып, мұғалімнің әдістемелік тәсілдерінің нәтижелілігін бақылап, талдап, кері байланыс беріп, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге ұсыныстар жасады.