№83 бұйрығы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту бөлімі» 2023 жылғы 01 ақпан күні онлайн форматта орыс тілі мен әдебиет пәні педагогтеріне педагогтерді аттестаттау жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Вебинар аясында әдіскер Ракижанова А.Ж. бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарының талаптарын түсіндірді. Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бөлім басшысы Рамазановадан А.Е.егжей-тегжейлі түсініктемелер алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған