Maкe them talk and write!

2023 жылғы 31 қаңтар күні сағат 15.00-де №36 орта мектебінде «Maкe them talk and write!» қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен тиімді сабақты жоспарлау алгоритмін үйреніп, қысқа мерзімді жоспар құрастырды.  

Семинарды ұйымдастырушылар:

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «№36 орта мектебі» КММ.

Қатысушылар: Сарыарқа ауданының ағылшын тілі пәні мұғалімдері.

Шақырылған қонақтар:

Қала мектептері: №8 МЛ, №13 ОМ, №23 ОМ, №31 ОМ, №36 ОМ, №40 МЛ, №42 ОМ, №43 ОМ, №45 ОМ,  №57 ОМ, №90 Г.

Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім –теориялық , 2 бөлім – практикалық.  Осы семинарға мектептің ағылшын тілі пәнінің 8 мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Теориялық бөлімде семинарды №36 орта мектеп директоры Ж.С. Шунаев алғы сөзбен және Әдістемелік орталығының әдіскері А. Амирова кіріспе сөзімен семинардың барысымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтып, «Normative legal acts regulating the professional activity of teachers» тақырыбында сөз сөйледі . Іс-шараны әрі қарай Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Адамова Бикен Калимкуловна, Есенгелди Тилеугавыл, Жолдасбек Айдана Асхатқызы, Кабдрашитова Эльдана Бейбитовна, «An open lesson is a laboratory of experience. Micro teaching», Қадыр Мырза Әлі  атындағы Binom School мектеп-лицейі мұғалімі Ескендір Сәуле Қайырбекқызы «How to write lesson plans?, Садвакасова Х.Ж. атындағы Елордалық мектеп мұғалімі Хрестяновская Елена Николаевна «Pros and cons of Lesson planning», А.Байтурсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейінің мұғалімдері Кереева Маданият Жумабековна, Сагингалиева Марал Амировна «Sample Detailed Lesson Plan for English teachers» тақырыптарында воркшоп өткізді.

Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілі пәнінің 8 мұғалімі воркшоп өткізді. Мұғалімдердің таңдап алған түрлі әдіс-тәсілдері жаңартылған  білім беру мазмұны бойынша жүргізілді.

           Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан  мұғалімдерге ашық, нақты кері байланысқа түсіп, воркшоптан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған