Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасау ерекшеліктері

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мектеп бөлімі   ұйымдастыруымен 2023 жылғы 26 қаңтар күні тарих пәні мұғалімдеріне  арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасау ерекшеліктері» атты қалалық семинар №89 мектеп-лицейінің базасында өтті.

            Әр мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар бар, тарих пәні сабағында сол оқушылармен қалай жұмыс жасау керек, оның ерекшеліктері қандай екендігін білу мақсатында өткен семинарды әдіскер   мән-мағынасына тоқталып, сабақта олардың назардан  тыс қалып қалмауы, оқушының ерекшелігі неде екендігін, олармен қандай педагогикалық технологиялар қолдануға болатындығына тоқталды. Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Марат М.,Байманова Л. білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

         Бағдарлама бойынша Рустемова Ф.  №83 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі  «ЕББҚ бар оқушыларға тарих пәнінен бейімделген оқу жоспарын құрастыру», Есмагамбетова С.К. №85 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Адаптированные задания по истории для детей с особыми образовательными потребностями», Остаева О.  №76 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыға сабақ беруде қазіргі таңда қандай ерекшелік бар?», Власенко №16 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі «Иклюзивное обучение слабовидящих детей на уроках истории», Баязитова Г.   №66 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «Инклюзивті білім беруде инфографика әдісін қолдану», Жуманова Р. № 32  мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Адаптация учебных заданий для учащихся с ООП» тақырыптарында теория мен тәжірибені байланыстырып, пайдаланып жатқан әдістерімен бөлісті.

         Іс-шараның соңы кері байланыспен, пән мұғалімдерінің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға бір-бірімен пікір алысумен  аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған