Білім беру ұйымдарының кітапханашылары қауымдастығы мүшелерінің отырысы

2023 жылғы 27 қаңтарда әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес білім беру ұйымдары кітапханашылары қауымдастықтарының отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты: қаланың жаңғыртылған мектеп кітапханаларының жұмыс тәжірибесін тарату арқылы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру.

Отырыс барысында Қауымдастық мүшелері 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына түзетулер енгізді. Қауымдастық жетекшісі және №56 мектеп-лицейінің кітапханашысы К.Т. Қозыбаева жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кері байланыс арқылы қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап алды. Жас мамандарға көмек көрсету үшін жадынама жасауды жоспарладық.

Отырыс соңында әдістемелік орталықтың басшысы С.М. Дауешова «Шығармашылық кітапханашы» қалалық байқауына қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Байқау нәтижелері келесідей:

Бас жүлде – Аманжолова Гулнар Шакиқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия» ШЖҚ МКК

І орын- Бейбутқызы Жансая, Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК

ІІ орын- Козыбаева Кундыз Тастанбековна, №56 мектеп-лицейі;

ІІІ орын – Жумабекова Тазагул Кенесқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техниқалық колледжі» МКҚК

Малдыбаева Рахат Ртайқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы» КММ Льдетаева Марияш Хамитовна, Астана қаласы әкімдігінің «№59 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған