БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

2023 жылдың 30 қаңтарында Астана қаласы Білім басқармасының  қолдауымен, Әдістемелік орталықтың әдістемелік сүйемелдеуімен №9 «Нұршашу» балабақшасында «Балабақшаның қоршаған кеңістігін экологиялық әлемнің ойын үлгісі ретінде ұйымдастыру» атты қалалық семинар өтті.

Семинар «Экологиялық тәрбие» эксперименттік алаң тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның бағдарламасына сәйкес тәжірибе алаңының жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды. Бейнеролик арқылы балабақшаның экологы,  А.К.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Рахимжанова Гүлназ Жанатқызы экспериментальдық алаңның үш жылдық қорытындысын тұжырымдады.

Семинар барысында балалармен «Табиғатты аяла!» сахналық қойылымы, «Ғылыми ойын-сауық» танымдық-зерттеу іс-әрекеті арқылы семинар қатысушыларына балабақшадағы экологиялық тәрбиенің рөлін көрсететін жұмыс ұсынылды. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы педагогтер балаларға экологиялық мәдениетті, табиғаттағы мінез-құлық дағдыларын, қоршаған әлемге деген құндылықтарды және табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалай сіңіретінін көрсетті.

Семинар барысында балабақшаның инновация әдіскері Козырь Ирина Александровна ата-аналарымен, педагогтермен «Бала табиғатты бағалай ала ма?» атты отбасындағы экологиялық тәрбиенің маңыздылығын көрсете отырып, іскерлік ойын өткізді.

Балабақшаның әдіскері Махметова Әсел Ғабитқызы «Термометр» жаттығуы арқылы семинарға қатысушылардан кері байланыс алды. Іс-шараға 11 мектепке дейінгі ұйым жетекшілері мен жекеменшік балабақша әдіскерлері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған