Әдістемелік көмек көрсету

    Астана қаласының  Білім саласында сапаны қамтамасыз  ету департаменттінің   мемлекеттік аттестаттауға  жататын білім беру үйымдарының тізбесіне сәйкес  2023 жылы   Астана қаласы бойынша  жалпы 36 білім  беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өту жоспарланған.  Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталық жоспарына  сәйкес мемлекеттік аттесттаудан өтетін  білім беру ұйымдарына зерделеу жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында   2023 жылғы  27 қаңтар күні  №№76,79 мектеп-лицейлеріне барып, мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсеттілді.  Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша түсіндірілді және аттестаттау барысында  басшылыққа алынатын  нормативтік –құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, тексерілетін  құжаттар  тізбесі бойынша    құжаттарын зерделеп, әдістемелік көмек  көрсетіліп және оларды шешу  жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан  қойылған сұрақтарға  жауап берілді.  Алдағы уақытта қалған  34 білім беру ұйымдарына барып, әдістемелік көмек көрсетіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *