Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлері №60 мектеп-лицейінің 30 педагогінің сабақтарына қатысты.
Педагогтің сабақтарына қатысу кезінде әдіскерлер:
— сабақтың мазмұнының оқу мақсаттарына сәйкес келуі,
— сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге жету жолдары,
— қолданылған әдіс- тәсілдердің тиімділігі,
— материалдың мазмұны бойынша рефлексия жүргізілуі,
— тәжірибе арқылы дағдыларды дамытуы,
— білім алушылардың бағалау процесін бақылады.
Сонымен қатар 60 мектеп-лицей педагогтеріне Орта білім беру бөлімінің басшысы А.Есематова «Сабақты зерттеу жүргізу, оның ішінде Лессон стади (Lesson study)» әдістемесімен бөлісті.