2023 жылдың 26 қаңтар күні №31 мектеп-гимназия базасында Білім басқармасының ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» психологиялық сүйемелдеу бөлімі әдіскері Т.Сатымбекова ата-аналарға арналған «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын-алу. Әр ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбында психологиялық кеңес берді. Ата-аналар жиналысына 82 ата-ана қатысты.
Жиналыстың мақсаты: « Құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыруда ата-аналарға бағыт беру»
Жиналыста ата-аналарға жас ұрпақты буллинг пен қатыгездікпен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау туралы түсіндірді.
Ата-аналар өзекті мәселе туралы өздерінің ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды, психолог кеңесіне алғыстарын білдірді.