ЖАС ҰСТАЗ – ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектеп» КММ мамандары жас педагогтің кәсіби қызметінің бастапқы кезеңінде көмек көрсету мақсатында қалалық педагогикалық брифинг өткізді.

Іс-шараның бірінші бөлігіндегі жас мамандардың сауалнамасының қорытындысы бойынша арнайы мектеп педагогтері (Тукушева А.Н., Петрова Т. А., Сегізбаева А. А.) жалпы білім беретін мектептердің логопедтері мен дефектологтерінің бірқатар өзекті сұрақтарына жауап берді.

Брифингтің негізгі мәселелері құжаттаманы жүргізу, арнайы педагогтардың жұмыс алгоритмі, инклюзивті және арнайы білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттарына шолу болды.

Сараланған тапсырмаларды бейімдеу және іріктеу бойынша сұрақтарға тыңдаушылар брифингтің екінші бөлімінде оқушылар мен мұғалімдердің сабақтардағы практикалық іс-әрекеттерін бақылағаннан кейін жауап алды.

Семинар соңында сұрақ-жауап және ашық микрофон  арқылы семинардың қорытындысы талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған