БАЛАБАҚШАДА СЕМИНАР- ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен және Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдістемелік сүйемелдеуімен №4 «Аружан» балабақшасында «Риторикалық дағдылар мен іскерлікті дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинар практикум эксперименттік алаңның  жұмыс тәжірбиесін жинақтау және тарату мақсатында өтті.

Іс-шара барасында балабақша тәрбиешілері тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда тәрбиеленушілерге нейро жаттығуларды жас ерекшелігіне қарай өткізілетіндігін көрсетті. Үш жастағы балаларда нейро жаттығуларды қолданудың ерекшелігі – қол моторикасы жаттығуларын тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындау арқылы дамып жетіледі.

Педагогтер түрлі ойын, қойылым, қимыл, танымдық, шығармашылық түрде мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы  ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті.

Сонымен қатар, балабақшаның әдіскері мен логопед маманы қатысушылармен іс-тәжірбие бөлісті.

Семинар–практикум барысында №8 балалар кітапханасының жетекшісі Литвинчук Светлана Владимировна балабақшамен  өзара сабақтасып балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру  жұмыстарына тоқталды.

Іс-шараға Астана қаласының Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы, Әдістемелік орталық әдіскерлері, М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледждің мектепке дейінгі білім беру әдістемесінің оқытушылары, мемлекеттік және жекеменшік балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған