«Лессон стадидың (Lesson study) кәсіби ынтымақтастық пен сапалы сабаққа қол жеткізудегі рөлі

      Астана қаласы  әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына  сәйкес 2023 жылғы 26 қаңтар  күні   №71 мектеп-лицейде  «Лессон стадидың (Lesson study) кәсіби ынтымақтастық пен сапалы сабаққа қол жеткізудегі рөлі» атты қалалық семинар өтті.   

         Семинардың мақсаты: мұғалімдердің ынтымақтастық іс- әрекеті арқылы сабақты зерттеу (Lesson study) әдістемесімен бөлісу; сабақтарды бақылау және талдау тәжірибесін көрсету.
       Семинардың теориялық бөлімінде  Лессон стадидың нақты төрт тәсілі беріліп, мұғалімдер 4 топқа бөлініп жұмыс жасады.  Практикалық  бөлімінде мұғалімдер сабақтарда тәсілдердің жүргізілуін бақылады. Семинар соңында Әдістемелік орталығының әдіскері А.М.Ахметкалиева «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, қазіргі таңдағы ана тілімізге қатысты өзекті проблемаларды  көтерді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған