Ынтымақты отбасы

2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің №61 Шолпан балабақшасында «Ынтымақты отбасы» тақырыбындағы эксперименттік алаңның 2-жылының қорытындысы бойынша аймақтық қалалық жарыс өтті.

Іс-шараға Петропавл қаласының «Айгөлек» бөбекжайы мен Астана қаласының №61 «Шолпан» балабақшасының тәрбиеленушілері мен ата аналарынан құрылған топтар (12 тәрбиеленуші мен 12 ата-ана) қатысты.

Іс-шара соңында жарыс қатысушылары жеңімпаздарын «Бестемше» ойынының авторы Шотаев Мақсат Есенбекұлы марапаттады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған