2023 жылғы 25 қаңтарда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес №4 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйесі: жағдайы мен болашағы» атты оқыту семинары өтті.
Семинар барысында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайлаубек Гүлзира «Тарихи фильмдер арқылы ұлттық рухы мен намысы биік тұлға тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйлеп, білім беру ұйымында балаларды фильмдер көрсету арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған баяндамасымен, №37 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Елемесова Алия Нұрлановна және Нығметжанова Гульнара Маратовна «Отбасы- тәрбиенің ұясы», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбайқызы «Ұлттық нақыштағы қолжазба кітапша (ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық)» деген тақырыпта шебер-сыныптар көрсетті.
Сондай-ақ, №37 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбекова Асемгуль Сейлхановна «Жалпы адамзаттық құндылықтар–отбасы тәрбиесінің негізі»;
№8 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Кузенбаева Камила Маханбетовна «Сыныпты басқарудағы құндылыққа негізделген білім берудің маңызы»;
№4 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулбакан Еркин «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндамасымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.