Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – сапалы білім кепілі

2023 жылғы 25 қаңтар күні Астана қаласы  әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына  сәйкес №42 орта мектепте бастауыш сынып және мектепалды сынып педагогтеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – сапалы білім кепілі» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті.

         Іс-шара мақсатықазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі табысты және әрекетке дайын, қабілетті, құзырлы тұлға қалыптастыру болып табылады.

Семинарға Әдістемелік орталықтың әдіскерлері, 60-тан астам елордалық бастауыш және мектепалды сынып педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында мектеп басшысы М.А.Абуова  оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізіп отырған жұмыстарын таныстырып, мектептің тыныс-тіршілігі туралы бейнеролик, көрсетті. 

 Семинардың негізгі бөлімінде білім ордасындағы барлық бастауыш сынып және мектепалды сынып педагогтері мына ашық сабақтарды өтті:

  1. 1«А» сынып. Ана тілі.«Жуан және жіңішке айтылатын сөздер» Егембердиева Ж.К.
  2. 1«Ә» сынып. Математика «Есептер шығару» Мырзаханова А.А.  
  3. 1 «Б» сынып. Математика «Есептер шығару» Башаева Н.Б. 
  4. 2«А» сынып. Қазақ тілі  «Түбір мен қосымша» Нурпеисова М.Е.
  5. 2 «Ә» сынып. Дүниетану  «Дұрыс тамақтана біл» Абуова А.А
  6. 2«Б» сынып. Қазақ тілі  «Түбір мен қосымша» Елубаева Ж.Т.
  7. 3«Ә» сынып. Ағылшын тілі «My music» Жұмахан А.Н.
  8. 3«Ә» сынып. Әдебиеттік оқу «Аққұс туралы аңыз» Сәндібекова З.Е.
  9. 4«А»сынып. Жаратылыстану. «Жылу өткізгіштік деген не?» Акшалова Б.С
  10.  4«Ә» сынып. Әдебиеттік оқу. «Жұмбаққа толы әлем» Сайдалинова Л.К.
  11.  Мектепалды даярлық сынып. «Математика еліне саяхат» Молшылық Б.
  12. Тренинг «Әрбір ұстаз – бір әлем». Шаяхметова Т.Қ.

Семинар соңында Әдістемелік орталықтың  әдіскері Әзімбай Н.К. «Үлгерімі төмен оқушылармен өткізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында сөз сөйлеп, іс-шараны қорытындылады. Мектеп басшысы Меруерт Абитаевна ұстаздармен Cocktail party әдісі арқылы рефлексия өткізді. Қатысушылар Padlet қосымшасы бойынша онлайн режимде өз әсерлерімен бөлісті және өте мазмұнды және оң кері байланыс берді. Педагогтер padlet бағдарламасы бойынша тиімді кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған