«Ұлттық мәдениет – ұлттық тәрбиенің негізі» тақырыбындағы қалалық семинар

Астана қаласы   әкімдігі «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен  №42 орта мектебінде «Дала заңы» жобасы аясында «Ұлттық мәдениет – ұлттық тәрбиенің негізі» тақырыбында

қалалық семинар өтті.

          Семинардың  мақсаты: Бәсекеге қабілетті қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеуде жас ұрпақтың  бойына әдет-ғұрып, салт-сана,  патриоттық рух,  ұлттық  мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыру.

«Ұлы даланың жауһарлары» атты көрмеде оқушылардың қолдан жасалған ұлттық бұйымдары көрермендерді таң қалдырды. Бағдарлама бойынша 5 «Б» сынып оқушыларымен  Нарзиева А. «Ауыз әдебиеті –даналық көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

          «Ұлттық тәрбие – халық қазынасы» атты  интеллектуалды ойын-сайысты  7 «А» сынып оқушыларымен Смаилова Г., «Қазақ халқы — қаһарман халық» тақырыбында   6 «А» сыныбында Бекбаева А.танымдық ойын жүргізді. 10 «А» сыныбында Шойбеков М.  «Ұлттық сана – ұлттық әдептен бастау алады» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді.

          «Ұлттық намыс – халықтың құдыретті қуаты» тақырыбында 8 «Ә»  сынып оқушыларымен  Тасбулатова Г. пікірталасты, М.Жұмабаевтың  130-жылдық мерей тойына арналған  «Мағжан – жыр жұлдызы» тақырыбында 9 «А» сыныбында Разакова А. тәрбие сағатын өткізді.

          Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері   Адилбаев Ж., Хадамхан Б., Мұқанов Н. практикалық бөлімде  «Ұлттық ойындар – ұлт мақтанышы» тақырыбында   ұлттық ойындардан іс- шаралар ұйымдастырды.

«Демографияға қазіргі жастардың көзқарасы»  тақырыбында  мектептің жас маманы  Аманбек А.  9 сынып оқушыларымен дебат ойынын өткізді.  Семинар соңында әдістемелік орталықтың  әдіскері Д. Амиргалиева «Дала заңы» жобасының мектепте қалай іске асып жатқандығы туралы айтып, іс-шараны қорытындылады. Мектеп басшысы Абуова Меруерт Абитаевна ұстаздармен Cocktail party әдісі арқылы рефлексия өткізді. Педагогтер Рadlet онлайн бағдарламасы бойынша тиімді кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *