Психологиялық менеджмент, білім беру ұйымдарындағы командалық қарым-қатынастың дамуы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылы 24 қаңтар жалпы орта білім беру ұйымдарының жас басшыларына арналған «Психологиялық менеджмент, білім беру ұйымдарындағы командалық қарым-қатынастың дамуы» тақырыбында №20 орта мектеп базасында қалалық практикалық семинар өткізді. Семинарға білім беру ұйымдарының 30 жас басшылары, Әдістемелік орталықтың бөлім басшысы, әдіскерлер, «Ұстаз PRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі қатысты.

 Семинардың басты мақсаты: Психологиялық менеджмент арқылы ұжымдық қарым-қатынасты дамыту.

Психологиялық менеджментте жас басшылар жалпы орта білім беру ұйымдарында тиімді басқару стилін қолдану бойынша орталықтың «Психологиялық сүйемелдеу» бөлімінің басшысы Қапанов Гүлмира негізгі тақырыпқа қажетті практикалық ұсыныстар берді. Жас менеджерге көшбасшы ретінде психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті дамыту, мектептегі ұжым қызметкерлерінің кәсіби өзара іс-қимылын ұйымдастыру қабілеті туралы түсініктеме жасалды. Республикалық, қалалық танымал №56 мектеп- лицейдің педагог психологы Жаппашева Айгүл мектеп басшыларына ұжымды тиімді басқарудың психологиялық зерттеуін және ерекше креативті қарым -қатынас түрлерін сұрақ-жауап, іс-әрекет, іскерлік ойын ретінде көрсетті. Басшыларға заманауи  талапқа сай лидер, көшбасшылыққа бағыттап, өзін және өзгені тануға бұрынғы әдет стератиптерді, сенімсіздік пен қорқыныштарын  реттеуге әдістемелік бағыт берілді.

 Семинар бағдарламасы жалпы орта білім беру ұйымдарының жас басшыларының біліктілігін көтеру мақсатында «Ұстаз PRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Сарбасов Ернар «Қазіргі мектеп басшыларының басқару дағдылары» туралы басшы мен ұжым арасындағы түрлі жағдаяттағы қарым-қатынас мәселелерін айқындады. Іскерлік, практикалық семинардың  жүргізілуіне арнайы жас басшылар ризашылық танытып, өз ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта жас басшылар клубының жұмысы әр мектеп базасында жоспарлы түрде өзекті тақырыптар аясында өтетіні ескертілді.

Қала орталығынан алыс орналасқан №20 орта мектептің жас басшысы Бимендин Булат ұжым қызметкерлері мен оқушыларының өзекті жобалармен жұмыс атқару тиімділігін атап, мектептің психологиялық менеджмент үлгісін танытты. 

Семинарда психологиялық менеджмент, педагогикалық-әдістемелік көшбасшылықтың ұжымдық қызмет келбетінің қалыптасу дағдысы назарға алынды.    

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған