2022 жылы 24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлері 59 мектеп-лицейдің аттестаттаудан өтетін мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, мұғалімдердің сабақ беру сапаларын зерделеді. Зерделеу барысында сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау процесіне тартылауына көңіл бөлінді. Жұмыс нәтижесі бойынша әр әдіскер сабақтарға талдау жасап, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге ұсыныстар берді.