Әдістемелік ұсынымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Астана қаласы Әдістемелік орталығы 2023 жылғы 20 қаңтар күні жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әдіскерлерге түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Әдістемелік орталық әдіскерлері 2022-2023 оқу жылындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеттері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау бойынша аралық мониторингті қалай дұрыс жүргізу.

Түсіндіру жұмысы пікірталас алаңына жалғасты, әдіскерлер өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шараға жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 198 әдіскері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған