Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы орта білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 20 қаңтар күні жоспарға сәйкес тарих пәнінен білім сапасы төмен көрсеткіш көрсеткен мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Педагог-шебер», «Педагог-зерттеуші» санатындағы әріптестер тобы №23 орта мектеп оқушыларына шебер-сынып сабақтарын өткізді. Орта білім беру бөлімінің әдіскері Д. Амиргалиева білім сапасын арттыру жолының бірі сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарына, бүгінгі іс-шараның мақсатына тоқталды. Қазақстан тарихы пәнінен қазақ сыныптарына «Берел қорғандары» тақырыбында 5 «Ә» сыныбында Н. Әбіл №8 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, «Коллективизация в Казахстане» 8 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен Г. Аяпбергенова №2 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, «Почему в Китае до сих пор помнят опиумные войны?» 8 «Ә» сыныбында Дүниежүзі тарихы пәнінен Л. Шоразова №26 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, «Уолл-Стриттің күйреу себептері мен салдары» Дүниежүзі тарихы пәнінен 7 «Б» сыныбына Н. Кулбекова №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің тарих пәні мұғалімі, «Как защищается законодательством труд несовершеннолетних?» 9 «А» сыныбында Құқық негіздері пәнінен Е. Исабаев №89 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімдері сабақта әдіс-тәсілдерді қолдану, білім сапасын арттырудың жолы екендігін көрсетіп, сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізді. Семинар соңы әріптестер арасында кері байланыспен және «Екі жұлдыз, бір тілекпен» аяқталды.