«Көшбасшының бейнесі» оқыту семинары

2023 жылғы 20 қаңтарда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде «Көшбасшының бейнесі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің аға вожатыйларының кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, аға вожатыйларға кеңес беру  және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 45-тен астам мектеп вожатыйы қатысты. Семинар аясында № 85 мектеп-лицейінің педагог-психологі Дауенова Мерейгүл позитивті көзқарасты қалыптастыру бойынша «Өмірде позитивті іздейік» атты тренинг өткізді. Әдістемелік орталық әдіскері Токсанова С.С. «Мектеп вожатыйына арналған әдістемелік ұсыныс»,                М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының әдіскері Бахыбай Айгерім Есетқызы «Астана қаласы Мектепішілік және студенттік Парламенттің өзекті мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі. №85 мектеп-лицейінің вожатыйы Суйиндикова Гулнур Жанадилқызы «Заманауи мектептегі вожатыйдың рөлі», №3 мектеп-гимназиясының вожатыйы Данияр Әлия Ахмедияқызы «Жастармен бір толқында» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған