Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін сапалы білім беру болып табылады. Ал тәрбие оқытумен қатар білім беру процесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.
Бүгін Әдістемелік орталық ата-аналармен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында жұмыс тобының отырысын ұйымдастырды, оның аясында білім беру ұйымындарына «Білім-Инновация» лицейінің үлгісінде ата-аналармен жұмыстың жаңа форматын енгізу мәселесі талқыланды.
Отырыс барысында Астана қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернаты директорының орынбасары З.Р. Қазжанова, сондай-ақ Астана қаласының «Білім-Инновация» қыз балалар лицей-интернаты директорының орынбасары Д. Сүлейман осы бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен таныстырды. Отырыс қорытындысы бойынша мақсат пен міндеттер айқындалып, бірлескен жұмыс жоспары әзірледі.