БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР

Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен және Әдістемелік орталықтың Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдістемелік сүйемелдеуімен 31 «Ақ сұңқар» балабақшасында

 «Ұлттық өнер-асыл қазына» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумның негізгі мақсаты: балабақшада ұлттық тәрбие элементтерін қолдана отырып,тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдермен іс-тәжірибе алмасу. Аталған іс-шараға Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілері, жекеменшік балабақшалар, Халықаралық Заң колледжінің мектепке дейінгі білім беру әдістемесінің педагогтері қатысты. Бағдарлама жоспары бойынша педагогтер өз іс-тәжірибелерін көрсетті. Семинар барысында педагог-психолог С.Т.Конысбаева «Сәлем -сөздің анасы» тақырыбында қатысушы педагогтермен тренинг өткізді. Мектепалды  «Тоты» тобымен тәрбиеші Г.Ж.Кулжабаева «Ұлттық өнердегі ғажайып математика» тақырыбында танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бағыты бойынша тәжірибелік жұмысын және математика сабағын ұлттық өнермен байланыстырып, балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалармен жұмыс жасады. Келесі кезекте іс-тәжірибесімен эмоционалды-әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру бағыты бойынша «Қысқы табиғат аясында» тақырыбында  ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Ж.С.Шумекеева бөлісті. Қысқы табиғат тақырыбында безендірілген топ бөлмесінде тірі табиғатқа зерттеу жұмысын ұйымдастырды. Физикалық дамыту бағыты бойынша мектепалды  «Тоты» тобымен  дене шынықтыру нұсқаушысы М.А.Абенова » Ұлттық ойынмен шынығамыз» тақырыбында ата-ананы  қатыстырып, ұлттық өнерге негізделген ойын-сауық көрсетті. Балаларға ұлттық ойындар ойнату арқылы физикалық қасиеттерін шыңдады. Балабақшадағы балаларды мектепке дейінгі дамытуда ата-аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру мақсатында ересек «Аққу» тобының қыз балалары және аналарымен тәрбиеші С.М. Нарымбетова «Тәрбие- тал бесіктен» тақырыбында  ұлттық тәрбиеге негізделген көрініс көрсетті. Келесі кезекте тәрбиеленушілермен балабақша хореографы М.Бақыт «Шаттық» биін көрсетсе, музыка жетекшісі  Қ.Ч.Файзуллина балалармен ұлттық аспаптар оркестірін құрып, «Аспаптарда ойнайық» әнін орындады.

   Семинар соңында қатысушы педагогтер өз пікірлерімен бөлісіп, қорытындылад

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған