Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тиімді оқыту

2023 жылғы 20 қаңтар күні мектепке дейінгі беру ұйымдарының жас мамандарына ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тиімді оқытумен таныстыру мақсатында № 1 Оңалту орталығының мамандары қалалық семинар өткізді.

Семинар аясында «Жемістер калейдоскопы» туралы баланың танымдық белсенділігін дамыту жеке сабағы,  «Сөйлеуді дамытуда сенсорлық интеграцияның элементтері» тақырыбында шебер-сынып, «Үйшік» ертегісі арқылы баламен қарым-қатынасын дамыту атты ертегі терапиясын көрсетті.

Дәрігер-реабилитолог, педиатр Джапабаева Айнур Канатовна семинар қатысушыларына медициналық кабинеттің жұмысымен және Оңалту орталығы көрсететін медициналық қызметтері таныстырылып,  жас мамандарға арналған тренингпен жалғасын тапты. Семинар соңында сұрақ-жауап және сауалнама арқылы семинардың қорытындысы талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған