2023 жылғы 19 қаңтарда Астана қаласы Білім басқармасының және Әдістемелік орталығының қолдауымен №37 «Арман» балабақшасында «Көлеңке би театры арқылы балалардың шығармашылық қабылетін дамыту жолдары» атты қалалық семинар өтті.
Семинар-практикумның мақсаты: эксперимент алаң бойынша жұмыстың қорытындысын көрсету, көлеңке би театры әдістерін қолдану бойынша іс-тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысына Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері, ЖОО орнының профессоры, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен жекеменшік балабақша әдіскерлері қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес балабақшаның психологі қатысушылармен табиғи қалдықтардан жасалған ғажайып кілемше үстінде тренинг жүргізді. Мектепалды топ бүлдіршіндері театрландырылған «Ою хан мен Жою хан» қойылымын, ал педагогтер «Бала өмірдің — басты құндылығы» сахналық қойылымын қойды.
Семинар-практикум барысында балабақша әдіскері балалардың шығармашылығын дамытуда көлеңкелі би театрының маңызын атап, қатысушылармен шағын қойылым сахналау бойынша шебер-сынып көрсетті.
Эксперимент барысында жасалған көлеңке би театры арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша іс-тәжібиесімен бөлісті. Семинар-практикум қатысушылары QR — код арқылы кері байланыс берді, іс-шараға 45 мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен жекеменшік балабақша әдіскерлері қатысты.