Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының бірінші отырысы өтті

2023 жылғы 17 қаңтарда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес №89 мектеп-лицейінде «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы негізгі нормативтік құжаттар» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа директор тәрбие жұмысы орынбасарлар қауымдастығының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында №22 мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.К. Нұрғалиева және Т.М. Столярова «Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы тәрбиені дамыту стратегиясы және нормативтік құжаттар» тақырыбында сөз сөйлеп, білім беру ұйымында балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеуге бағытталған жобалармен бөлісті.

Қоғам, сондай-ақ мектеп алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың өрбуін азайту жолдарын іздестіру болып табылады. Бүгін №4 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тулбақан Еркін кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Оқушыларды экологиялық тәрбиелеу мәселесіне ерекше назар аударылды, себебі бұл тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Экологиялық тәрбие білім алушылардың жалпы білім беру дайындығының бөлігі ретінде қарастырылуы керек, өйткені экологиялық мәдениет жалпы мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. №59 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Ш. Мейман мектептегі экологиялық тәрбие бойынша жұмыс тәжірибесін көрсетті.

Отырыс барысында өткен жылдың қорытындылары қаралып, алдағы жылға міндеттер қойылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған