«Ілияс Есенберлин тағылымы» атты қалалық байқау

2023 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» және Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиямен бірлесе отырып дарынды жазушы Ілияс Есенберлиннің 108 жылдығына орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Ілияс Есенберлин тағылымы» атты қалалық байқау өткізілді. Байқауға Астана  қаласының қала мектептерінің (тәрбие  және оқу, бейіндік) жас    орынбасарлары, кітапханашылар, вожатыйлар және жас педагогтер қатысты. Байқауға қала мектептерінен 33 мұғалім өз бақтарын сынады. Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде педагогтер Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі туралы білімдеріне тестілеуден өтті. Білім бәйгесінен озып шыққан 9 мұғалім сайыстың ІІ кезеңінде REАDx форматында Ілияс Есенберлиннің қазақ тарихынан сыр шертетін «Көшпенділер»  трилогиясын идеялық мазмұны мен қоғамға деген қажеттілігін заманауи тәсілдермен ұштастыра  насихаттады. Байқау нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде: Кәріпбаева Айнур Ғалымжанқызы, №38 мектеп-лицейі.

І орын:

Ғұбайдуллин Асқар Сағынғалиұлы,  №38 мектеп-лицейі.

ІІ орын:

Батырхан Жансая Бекжанқызы,  №77 мектеп-гимназиясы;

Бекмухамбетов Әли  Ермекұлы, №2 мектеп-гимназиясы;

Оразханова Молдир Асхатовна,  №8 мектеп-лицейі.

ІІІ орын:

Кошмагамбетова Меруерт Нұржанқызы №89 мектеп-лицейі;

Даривхан Нұргүл, №93 мектеп-лицейі;

Сұлтан Дарын Таңжарықұлы, №77 мектеп-гимназиясы;

Садуахас Ерасыл Бақтиярұлы, №48 мектеп-лицейі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған