Мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 10 қаңтар күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әдіскерлерге түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Әдістемелік орталық әдіскерлері «2022-2023 оқу жылындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеттері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау бойынша аралық мониторингті қалай дұрыс жүргізу және балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог қандай бақылауларға басты назар аудару керектігін көрсетті. Түсіндіру жұмысы пікірталас алаңына жалғасты, әдіскерлер өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 97 әдіскері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған