Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, тәрбие-білім беру үдерісіндегі қызметін ұйымдастыру

2023 жылғы 11 қаңтарда Астана қаласы Білім басқармасының және Әдістемелік орталығының қолдауымен №2 «Батыр» балабақшасы қалалық семинар өтті.

Семинардың тақырыбы: «Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, тәрбие-білім беру үдерісіндегі қызметін ұйымдастыру». Семинардың мақсаты: білім беру процесінде балалардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Семинар жұмысына Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы, әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Бағдарламаға сәйкес семинарға қатысушылар ересек және екі мектепалды топтарда ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тамашалады. ҰӘ талдауын жүргізді. ҰӘ-тер арасында балабақша психологтары психологиялық тренингтер өткізді.

Семинар-практикум барысында тәрбиешілер мен қосымша білім беру педагогтерінің бірлескен жұмысы  көрсетілді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында балалар үшін қолайлы, қауіпсіз білім беру жағдайлары, әр баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дағдылар мен біліктіліктерін қалыптастыруға, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы орта жасалды.

Семинардың жұмысын талдағаннан кейін қатысушылар келесі ұсыныстарды әзірледі:

1. Педагогтердің жұмыс тәжірибесі қаланың балабақша педагогтеріне зерттеу және жұмысқа енгізу үшін ұсынылсын.

2.  Семинардың барлық қатысушыларына осы мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша басқа  мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарымен  белсенді ынтымақтастық ұсынылсын.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған