«Епті сынып» «Ақылды каникул» жобасы

Астана қаласының Әдістемелік орталығының білім беру саласындағы зерттеу және талдау бөлімі әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023 жылғы 06 қаңтарда «Нәтижелілігі төмен мектептерді қолдау бағдарламасы аясында «Епті сынып».«Ақылды каникул» тақырыбы бойынша мектеп орынбасарларына әдістемелік-нұсқаулық семинар өтті.

Семинар спикерлері «Білім беру саласындағы зерттеу және талдау» бөлімінің басшысы Мұхамеджанова Алма Қайыркенқызы, әдіскерлер Досмұхамед Анар Досмұхамедқызы, Бекжанова Айман Ансатқызы және Яковлев Владислав Александрович «Епті сынып. Ақылды каникул» бағдарламасын іске асырудың мақсаттары, міндеттері мен кезеңдерін таныстырды.

Семинарға «Logitex» компаниясының интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі-Interactive Tasks Learning Service» жобасының менеджері Стрижко Дмитрий Игоревич қатысты. «Математика» және «Қазақстан тарихы» пәндерінде геймификация элементтері және интерактивті сабақтарды әзірлеу әдістемесін көрсетті және сабақтарда мұғалімнің өзіне де, білім алушыға да осындай әдістемені қолдану. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты: №№1, 8, 11, 13, 14, 23, 36, 46, 47, 88.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған