SHARE жобасы

Бүгін, 2023 жылғы 06 қаңтарда 58 мектеп-гимназия базасында SHARE жобасы аясында кезекті жергілікті оқыту сессиясы өтті. Сессияға 1,2,3 (50,53,56,60,62,65,67,68,70,72,73,74,87,91 мектептер) топтарының 120 педагогі қатысты.

Сессия барысында қатысушылар кәсіби ғылыми мақала жазудың құрылымымен танысып, тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алды. Қатысушылар бақылау жүргізу бойынша «кіріспе» бөлімінің маңыздылығына, оның мақала жазудағы басты бағыт болатынына назар аударып, осы тұрғыда әдебиеттерге қалай шолу жасау керек? деген сұрақ топтар арасында талқыланды.

Сессия соңында, қатысушылар үйге, сабақты бақылау әдістері бойынша эссе жазып келу, оның артықшылықтырымен кемшіліктері туралы тапсырма алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған