Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу

2023 жылғы 4-5 қаңтар күндері Астана қаласының Әдістемелік орталығы елордалық білім беру ұйымдарының педагогтері үшін инклюзивті білім беруді енгізу және іске асыру бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізді.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу» семинарында инклюзивті білім беру мәселелері және оны іске асыру қағидаттары, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді іске асырудың нормативтік құқықтық негіздері, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі, интеллектісі бұзылған балаларды сараланған тәсіл арқылы оқыту міселелері қаралды.

Сонымен қатар, қысқартылған және жеке бағдарламаларды құру бойынша ұсыныстар беріліп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу бағдарламаларының түрлері мен оқытудағы тиімді тәсілдер, әртүрлі платформалар  іс-тәжірибе жүзінде көрсетілді. Екі күн қатарынан ұйымдастырылған семинар-практикумда Астана қаласының 350-ден астам әдістемелік бірлестік жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика және информатика мұғалімдері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған