ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАДЫР МҰРАСЫ

2023 жылғы 5 қаңтарда Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейінде қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арналған «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАДЫР МҰРАСЫ» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция Астана қаласының әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

        Конференцияның мақсаты-Қадыр Мырза Әлінің шығармашылық мұрасын таныту, мектептің педагогикалық ұжымы енгізетін «Аманат » тұжырымдамасының құндылығын Қадыр мұралары арқылы сіңіру.

Пленарлық бөлімінде құттықтау сөзімен мектеп директоры Ә.Д. Макышева мен конференцияның құрметті қонақтары «Астана каласының білім басқармасы» ММ  басшысының орынбасары А.А. Амангельдиева, «Білім болашағы» қорының атқарушы директоры Ш.М.Қадырова, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» директорының міндетін атқарушы  С. М.Дауешова  сөз  алды.  

Секциялық жұмысқа Астана қаласының педагогтері мен  республиканың басқа өңірлерінен  жалпы  70  педагог  қатысты. Онлайн форматта Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда қалаларынан педагогтер  қосылды. Жұмыс үш секция бойынша ұйымдастырылып, танымал  ақынның  мұрасы әр қырынан қарастырылды.

Конференция жұмысы жоғары әдістемелі деңгейде өтіп, соңында педагогтер  І, ІІ. ІІІ дәрежелі Дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған