«БЕСТЕМШЕ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ

 №61 «Шолпан» балабақшасында «Бестемше» ұлттық ойынынан тәрбиешілер арасында жарыс өтті.

            Жарыстың мақсаты: «Бестемше» ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде қолдану арқылы баланың танымдық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін  дамыту. Педагогтердің білім деңгейін арттыру, балабақша арасында насихаттау.

            Жарыс  әділ әрі қызықты өтті. Жарыстың әділ қазылар мүшелігінде балабақша ұжымының әкімшілігі және ҚР еңбек  сіңірген қайраткері, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы, Қ.Қ.Куланова  төрешілік етті.

       Жарыстың әр кезеңінде командалар бір бірін жеңе отырып, қызу талқыға түсіп, ойыннан ерекше жарқын әсер алғандарын білдірді.

            Жарыс ретімен өтіп, әр кезеңі әділ қазылар мүшелерімен бағаланды. Сондай-ақ жарысқа барлығы 12 педагог қатысып, І, ІІ, ІІІ орынға ең жүйріктері иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған