«Ғибратты ғұмыр» еске алу кеші

2022 жылыдың  21 желтоқсан күні ҚР Ұлттық музейі, Ғылыми кітапхана аудиториясында Қазақстанның халық жазушысы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, республикаға еңбек сіңірген мәдениет және қоғам  қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» еске алу кеші өтті.              

Кештің кіріспесінде жазушының кітаптарынан және қордан алынған заттарынан фотокөрме ұйымдастырылып, №53 мектеп-лицей оқушылары (18 оқушы) «Ай мен Айша» шығармасынан үзінді «Бір кем дүние» атты қойылымынан  көрініс көрсетті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларды көркем шығарма оқуға ынтасын арттыру, көркем шығарманы талдауға баулу мақсатында №65 мектеп-гимназиясы, №67 гимназиясы, БИЛ (ұл), БИЛ (қыз), №9 Зерде мектебі  (әр мектептен 7-11-сыныптың 7-8 оқушылары) қатысып,  «Мен оқыған шығарма» атты оқырмандар конференция ұйымдастырылды. Оқушылар   «Ай мен Айша» шығармасын талдап, алған әсерлерімен бөлісті.

 Аталған шарағаШерхан ағамыздың қарындасы, ҚР Ұлттық музейі халықаралық қатынастар бөлімінің аудармашысы   Қарлығаш Мұртаза қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК әдіскерлері Д. Амиргалиева, Ж. Маманованың және  ҚР Ұлттық музей қызметкері Гаухар Қасиқызының ұйымдастыруымен М. Карамурзина, А. Жусупбекова, Г. Кожахметова, Ж. Жуманазарова, А. Кабулова, Г. Берекетова, Г. Әбжан, В. Рахманкулова, Г. Сисанова, С. Саурбаева, Н. Рамазанова, Д. Тлебалганова, А. Авдхалым, А. Жанатуганова, К. Жукенова кешке қатысып, өз үлестерін қосты.

        Кештің соңында   ҚР Ұлттық музейі, Ғылыми кітапханасы оқушыларға кітаптарды сыйға тартты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған