Инновациялық педагогикалық технологиялар – білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі

2022 жылғы  21 желтоқсан күні Астана  қаласы  Әдістемелік орталықтың жұмыс   жоспарына сәйкес Quantum STEM School базасында  «Инновациялық педагогикалық технологиялар – білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі» тақырыбында   қалалық  оқыту семинары   өткізілді.

Семинар мақсаты: Пән мұғалімдерінің  педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып,  оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

Семинарға Астана  мектептерінің  химия және биология пәндерінің педагогтері  қатысты. Орталықтың  әдіскері Ш.Х.Шакирова   «Білім сапасын арттырудағы  кедергілер және оларды шешу жолдары» тақырыбында сөз қозғады.  №93 мектеп-лицейінің химия  пәні мұғалімі Г.Оспанова, Республикалық физика- математика мектебінің биология пәні мұғалімі Б.Кощегулова, Quantum STEM School-дың биология пәні мұғалімі Сағадатова Динара, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы  №85 мектеп-лицейінің биология пәні педагогтері Қ. Аубакирова, А. Өтеген, Д.Табылдықызы  инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып   білім сапасын арттырудың тиімді  әдістері бойынша  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

            Семинарга 75 –тен астам педагог қатысты. Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып,   кері байланыс жасап, алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған