Талдау нәтижелері бойынша мектепішілік бақылау жоспарын түзету

2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының Әдістемелік орталығының «Білім беру саласындағы талдау және зерттеу» бөлімі мектепішілік бақылау жоспарларын құру және түзету мәселесі бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Талдау қорытындысы бойынша мектепішілік бақылау жоспарларын түзету» тақырыбы бойынша орыс тілінде оқытатын мектептерге мектепішілік бақылауға жетекшілік ететін мектептердің орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарының спикері «Білім беру саласындағы талдау және зерттеу» бөлімінің басшысы Мұхамеджанова Алма Қайыркенқызы орта білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарларын талдау қорытындылары талқыланды және міндетті нормативтік-құқықтық құжаттарды ескере отырып, мектепішілік бақылау жоспарын түзету бойынша ұсынымдар ұсынды.

Сонымен қатар семинар барысында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығына сәйкес Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін бекітілді.

Оқыту семинар барысында мектепішілік бақылау жоспарларын құрудағы және түзетудегі негізгі типтік қателер талданды. Семинарға 84 негізгі орта білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған