Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілі сабағына қызығушылық қабілеттерін дамыту

2022 жылғы 15 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен №71 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына білім сапасын көтеру мақсатында «Бастауыш сыныпоқушыларының ағылшын тілі сабағына қызығушылық қабілеттерін дамыту» атты қалалық шебер-сынып өтті.

Өз ісінің хас шеберлері, кәсіби шеберліктің шыңында жүрген №71 мектеп лицейінің шебер педагогтері М.К. Картбагамбетова және К.Г. Камалова бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілі сабағына қызығушылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын пайдалану әдістерін көрсетіп, бастауыш сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдері Жадраева А.Т., Рахимбердина А.М., Успанова  А.Б., Рахимова Б. К., Минишева А.Б. ашық сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қолданатын формалары мен әдістерін көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

АҚШ Елшілігі жанындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының Аймақтық кеңсесімен Әдістемелік орталықтың ынтымақтастық шеңберінде ағылшын тілі оқытушысы Огуст Гарнси «Формативтік бағалау» тақырыбында сөз сөйледі және мұғалімдердің сабақтарына қатысып кері байланыс пен ұсыныстарын айтты. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың ағылшын тілі пәні әдіскері А.Амирова рефлексия жүргізіп, жас мамандар өз ойларымен бөлісті. Іс-шараға 80-нен аса ағылшын тілі пәнінің жас мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған