ХХІ ғасыр құзыретінің негізі ретінде оқушылардың базалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту

Астана қаласы Әдістемелік орталығы 2022 жылдың 15 желтоқсанында «№79 мектеп – лицей»  мұғалімдерімен бірлескен «ХХІ ғасыр құзыретінің негізі ретінде оқушылардың базалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында математика, физика, информатика, тарих, ағылшын тілі пәндері жас мамандарына арналған қалалық практикалық семинар өткізді.

Семинар мақсаты – оқушыларда функционалдық сауаттылықты дамытудың практикалық дағдыларын жетілдіру процесіне жас педагогтердің жаңа құзыреттілігін қалыптастыру.

Семинарда жаратылыстану пәндері мен қоғамдық гуманитарлық пәндерді кіріктіре отырып,  сабақ өткізу барысында бірнеше стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың танымын кеңейтіп, жан – жақты іздене білуін қалыптастыру, зеректігін дамыту мақсаты  орындалды.

Өткізілген ашық сабақтар, шеберлік сыныптарының жаңашылдығымен, сабақ барысында берілетін тапсырмалардың оқу мақсатына сай жүйелі қолдануымен, оқушылардың білім сапасын арттыруда заманауи цифрлық технологияларды пайдалануымен ерекшеленді. Аленова Назира Токжановна,  Рысдаулет Айгуль Жолдасбековна, Махамбетова Асемгуль Амангельдиновна, Хамзина Гульнар Зикеновна, Сагинтаева Айгуль Жалеловна, Куралиева Жаннат Садабаевна, Бактыбаев Ерлан Кабылканович, Кабышева Аида Аскаровна, Бегимбаева Асия Умирзаковна,  Саден Назгүл Жұмақанқызы қызықты, креативті кіріктірілген  сабақтар өткізіп, білім алушылардың пән бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасады.

Хамзина Гульнар Зикеновна, Молдакаликова Асель Акелбековна «Білім алушылардың мектепке бейімделу кезіндегі проблемалардың алдын алу жолдары» тақырыбында, ал Касымова Акмарал Социаловна мен Саден Назгүл Жұмақанқызы  «Функционалдық сауаттылықты қалыптасырудағы тапсырмалар» атты шеберлік сағаттар өткізді. 

 Бермагамбетов Марал Толегенович пен Мағаз Бейсенғали мектебіміздегі жас мамандар мен келген қонақтарды ұйымдастырып «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынын өткізіп, жас педагогтердің зияткерлік қабілеттерін шыңдады.

            Семинар соңында әдістемелік орталықтың орта білім бөлімінің әдіскері Нұртаева Қ.У. өткізілген сабақтар бойынша талдау жасап, білім сапасын арттыратын педагогикалық технологияларды қолдану бойынша практикалық ұсыныстар берді, сонымен қатар дарынды және шығармашыл мұғалімдерді ерекше атап өтті.          Семинарға қатысушылар кері байланыс сәтінде әдістемелік шараның заман талабына сай өткізілуі мен өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған