Әдістемелік орталығы 2022 жылғы 13 желтоқсан «Оқушының мәдени нормативі», «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында театрымен бірлесіп, 13-15 желтоқсан аралығында № 10, 31 мектептерде В.Орловтың «Алтын балапан» спектаклінің көрсетті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар Қазақ ұлттық өнер колледжінің 3 курс студенттері. Байлыққа қол жеткізуді армандаған көк бөрі мен қу түлкі алтын жұмыртқаны ұрлап, алтын балапан басып шығаруды жоспарлайды. Айлакер түлкі қулыққа басып, аңғал қасқырды жұмыртқа басуға көндіреді. Алайда, жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай балапан көк бөрінің өзіне деген әкелік сезімін оятып, оқиғаны басқа арнаға бұрады. Көңілді музыкалық қойылым кішкентай бүлдіршіндерді отбасына, ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал етеді. Театрландырылған қойылымға қатысушылар актерлік шеберліктерін көрсетті, содан кейін театрландырылған қойылымды талқылады, жас актерлердің білім алушылармен және педагогтармен кері байланысы болды. Әртістер ду қол шапалақ соғып, зор эмоциялар алды.