Қазақстан жаңа әлемде: мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев – патриоттық тәрбиеде Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі

2022 жылғы 9 желтоқсан күні Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясының 50 жылдық мерейтойы және «Қазақстан жаңа әлемде: мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев – патриоттық тәрбиеде Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Жұмабек Тәшеневтің қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, саясат сахнасындағы батыл қадамдарын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.

 Конференция қонақтары: Жұмабек Тәшеневтың тұңғыш ұлы  Саян Жұмабекұлы Тәшенов техника ғылымының кандидаты, Ташенова Фатима Садыковна келіні, Қалиев Ж.Н. п.ғ.к., Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих және қоғамдық академиясының академигі, Садыков Т.С. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих кафедрасның деканы, профессоры,  Мақсат Алпысбесұлы т.ғ.д. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д.

Сондай ақ, Қарағанды, Петропавл, Түркістан, Ақмола облыстарының Ж.Ташенев атындағы мектептерінен өкілдер қатысты. Конференция 3 бағытта секциялық жұмыстарын жүргізді. «Жұмабек Тәшенев – саяси және мемлекет қайраткері», «Жұмабек Тәшенев – саяси және мемлекет қайраткері», «Жұмабек Тәшеневтің қазақ мәдениетін сақтауға қосқан үлесі», «Жұмабек Тәшенев тұлғасы азаматтықтың жарқын үлгісі» тақырыптарында 53 офлайн, 32 онлайн бағытта баяндамалар оқып, сертификатқа ие болды.

Келеген қонақтар Жұмабек Тәшеневтің ескерткішіне гүл шоғын қойып, мектептің мұражайы, инклюзивті білім беретін сыныптарда ерекше білімді қажет ететін оқушылармен танысып, өнерлерін тамашалады.

 Републикалық деңгейде өткен іс-шара гала концертке ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған