«Ата-аналарға арналған мектеп»  жобасы

   «Ата-аналарға арналған мектеп»  жобасы аясында  Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімі  «Дислексия орталығымен» бірлесіп 2022 жылы  6 желтоқсан күні педагогтер мен ата-аналарға арналған онлайн-семинар ұйымдастырды. 

Жетекші лектор ретінде  «Дислексия әлеуметтік орталығы» ЖШС директоры, «Dyslexic Home School TULGA» жекеменшік мектебі директорының орынбасары, оқу қиындықтары жөніндегі маман, дефектолог Өзбекбай Айдос Өзбекбайұлы «Оқу қиындықтарының алдын алу және мектеп бағдарламасын табысты игеруге дайындық» тақырыбында  таныстырылым жасады.

Семинар барысында сарапшы, тәжірибелі маман ретінде ата-аналарды дислексия, дисграфия, дискалькулия, СДВ және СДВГ сияқты оқудағы қиындықтарды заманауи түсініктермен таныстырып, ата-аналардың, педагогтердің  сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді.

Вебинардың жазбасын https://youtu.be/kz-j7pPT-L8 сілтемесі бойынша көруге болады.

Айдос Өзбекбайұлына қызықты және мазмұнды  материалдары үшін  Психологиялық сүйемелдеу бөлімі алғыс білдіреді.  Осы тақырыпқа қызығушылық танытқан ата-аналарға «Ата-аналарға арналған мектеп» аясында  өтетін   YouTube арнасында кездескенше деп айтамыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған