Тәуелсіз еліміздің болашағы – ұлттық құндылықты сақтау

Астана қаласы  Әдістемелік орталығының орта білім беру бөлімі  2022 жылғы  13 желтоқсан күні М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіз еліміздің болашағы – ұлттық құндылықты сақтау» тақырыбында қала мектеп оқушылары мен қоғамдық пәндер мұғалімдері үшін  қалалық  ғылыми конференция өткізді. 

Мақсаты:Ұлттық  құндылықтарымызды сақтап, болашақ жас ұрпақтың бойына       сіңіру, өткен тарихымызға құрметпен қарау.

        Ғылыми тәжірибелік конференциясының қонақтары Ж.Н.Қалиев ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, п.ғ.к., С. Ж. Дүйсен ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.      

Қалалық  конференция «Жаңа Қазақстан құру – тәуелсіздікті нығайту кепілі» бағытында 10 сынып оқушылары жоба қорғап, тың идеялармен бөліссе, «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты 2 бағытта 8, 9 сынып оқушылары тарихи эссе жазып, қала ұстаздары «Жаңа Қазақстан  – Тәуелсіз еліміздің болашақтағы бейнесі» бағытында ұлттық құндылықтарды басшылыққа алып тәжіриелерін таратты. Іс-шараның соңы  конференцияға қатысушыларды марапаттаумен аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған