Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын-алу

2022 жылдың 13 желтоқсан күні №40 МЛ базасында   «Зорлық-зомбылықтың  алдын-алу 16 күндік» акциясы аясында  оқушылармен кездесу өтті. Әдістемелік  орталығының  психологиялық  сүйемелдеу  бөлімі әдіскері Т.Сатымбекова  оқушыларға арналған «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын-алу » тақырыбында  психологиялық кеңес берді. Семинарға 150 оқушы қатысты.

  Семинардың мақсаты:  «Құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары  деңгейде дамыған тұлғаны  қалыптастыруда   оқушыларға бағыт беру».

  Семинарда оқушыларға жас ұрпақты буллинг пен қатыгездікпен,   сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау туралы түсіндірді.           

Оқушылар өзекті мәселе туралы өздерінің ойларын ортаға салып,   сұрақтарына  жауап  алды, психолог  кеңесіне  алғыстарын  білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *