Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар

2022 жылғы 12 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен  Мұқағали Мақатаев атындағы 74 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Педагог шеберлігі – озық идея» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып жас мамандарын қатыстыра отырып, мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық әдіс-тәсілдермен бөлісу.  

Мектеп директоры Е.Бокеийхан семинарды ашып, мұғалімдердің оқыту шеберлігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жүйесі туралы баяндады. 

Әдістемелік орталықтың әдіскері Н.Әзімбай мұғалімдердің заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп, соның ішінде интербелсенді әдісін сабақта қолдану жолдарын жас мамандарға көрсетуі – қазіргі заман талабы екенін атап өтті.

 Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Г. Байтас педагогтерге мектеп миссиясына бағытталған «Мен шабыттанатын орта» тақырыбындағы жобаны, сондай-ақ іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

 Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер ашық сабақтар көрсетті.

Ы. Нургалиева Дүниетану сабағында «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында «Саралап оқыту» әдісі арқылы сыныпты топтарға бөліп, «Галерея», «Тұлғаны тани біл», «Буриме» әдісін қолдана отырып, сабақты «Бэкроним» тәсілімен қортындыласа, Л. Алдабергенова математика және цифрлық сауаттылық пәндерін кіріктіру арқылы «Шамалардың бірліктермен түрлендіруі және мәндерді салыстыру» тақырыбындағы   сабағында «Салт-дәстүр» ойыны мен «Фри», «Пазл құрастыру», «Топтастыру»  әдістерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізді.«ТИК ТОК»  әдісі арқылы  кері байланыс жасады.    Р. Каукенова жаратылыстану сабағында «Ауаның маңызы қандай?» тақырыбы бойынша «Төңкерілген сынып» әдісі арқылы «Plickers» бағдарламасы бойынша QR код қолдана отырып сабағын түрлендіре алды. Сабақтың ерекше бір атап өтетін тұсы ерекше балалармен жұмыс жасау барысында (ЕББК) «Wordwall.net» әдісі арқылы жеке жұмыстар жасалынды.   

Әліппе сабағында П. Мусагалиева «Г дыбысы мен әрпі» тақырыбында «Сиқырлы әріптер», суретпен жұмыс әдістерін қолдана отырып, «Спиральді оқыту» тәсілі арқылы сөздерді дұрыс оқу, жазу жұмыстарын жүргізді. Қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерін кіріктіру бойынша Н. Базарбаева, А.Мамбетпаева «Лепті сөйлем» тақырыбындағы сабақта «Emotion time», «Spinner whell», «Студио» әдістерін падалану арқылы «Эмоциямен айту», «Ым – ишарамен тыныс белгілерін көрсету» ойындарын ойнатты. Сонымен қоса, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі арқылы «Нейрогимнастикалық жаттығулар» жасатты.

А.Оспанова математика пәнінен «Аудан. Шамалар» тақырыбында сабақ өтіп, «Архитектор» әдісі арқылы Ақмырза Рүстембековтың тапсырмаларын орындатып, «Тамшылар», «Ізінді қалдыр» әдісін пайдаланды. Мектеп кітапханасында Р. Жұмабаева мен Р. Ускенбаева «Бүгінгі жас маман  – ертеңгі ұлағатты ұстаз» атты тренингінде «Естелік қабырғасы», «Қағаз ұшақ», «Блиц турнир» атты әдістерді қолданды. «Ортақ әдісі» атты ерекше тәсілді пайдалана отырып, ұстаз бен ата-аналар арасындағы байланысты сұрақ-жауап қою арқылы ұштастырды.

Мектептегі Мұқағали Мақатаев атындағы мұражайда «Шабытқа толы жүрекпен» атты сыныптан тыс іс-шараны К. Кукенова бастауыш сынып оқушыларымен жүргізді. Іс-шараны топтастыр» тәсілі арқылы «Арман саяхаты», «Бау-бақшаға саяхат», «Бала тілі – бал» қуыршақ театры  ойындарын қолдану арқылы «Шабыт» тақырыбын тереңінен аша алды.  Семинар мәжіліс залында жалғасты. Директордың бастауыш білім беру жөніндегі орынбасары Л. Омарканова «Сиқырлы жәшіктер» әдісін пайдалана отырып жас мамандармен «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – сапалы білім кепілі» атты   интеллектуалды ойын арқылы сұрақ-жауап жүргізіп, қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған