Мен оқыған бір кітап

Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2022 жылғы 12 желтоқсанда Қ. Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясында білім беру ұйымдарының оқу ісі, тәрбие, бейіндік орынбасарлары мен вожатыйларға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мен оқыған бір кітап» READx форматындағы іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқылған кітаптарды талқылауға жағдай жасау және оқушылардың оқырман қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, әдеби сөйлеуді дамыту үшін жағдай жасау.

Жоба барысында келесі оқытушылармен педагогтер тәжірибемен бөлісті:

1. Аятжан Ахметжан, Қ. Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназия директоры, «Ұлт болам десеңіз…».

2. Ильясова Күлпаш Мырзамұратқызы, Л.Н. Гумилев атындағы  Ұлттық университеті, шығыстану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, монография «Алаш идеясы және Қазақстан тәуелсіздігі: тарих сабақтары».

3. Ұшқын Сәйдірахманұлы, Қ. Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназия алаштанушы, тарихшы, Мағжан Жұмабайұлы «Педагогика»

4. Бұлақбай Айнұр Маратқызы, «Бұлақ» кітап дүкен иесі, кәсіпкер, блогер, Санжар Керімбай «Өмірге ғашық болу».

5. Есенкелдиев Нұрбек Ерікұлы, №59 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі, «Зейін» оқырмандар клубы жетекшісі, Иван Малина и Игорь Манн «Читай» кітабымен. Соңында қатысушыларға сұрақтар қойылып, сұрақ жауаптар алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған