Елордада  Педагогикалық тур ұйымдастырылды

2022 жылғы 09 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының Білім басқармасының мамандары, Әдістемелік орталық әдіскерлері мен арнайы білім беру ұйымдары педагогтері Астана қаласының арнайы білім беру ұйымдарына іс-тәжірибе алмасу мақсатында жұмыс сапарымен келді.

Педагогикалық тур аясында келген қонақтар  Астана қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп интернатында «Астана қаласының арнайы және жалпы білім беретін мектептері жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру» тақырыбында  өткен тәжірибе алмасу семинарда арнайы мамандардың жеке және топтық сабақтарына қатысты.  Білім беру ұйымының басшысы интернат өмірімен таныстырып, кездесу соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Арнайы білім беру ұйымдарындағы проблемалар мен перспективалар талқыланды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстандық әріптестер Астана қаласы әкімдігінің «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті», «№3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы»  және Астана қаласы бойынша ресурстық орталық Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясымен танысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған