МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ӘЛЕМ шығармашылық кеші

Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» кішкентай науқастарына барып шықты.
«Жүрек орталығы» қорының қолдауымен ғылыми орталықтың қызметкерлері мен дәрігерлері өздерінің кішкентай науқастарына арнап нағыз мереке ұйымдастырды.
Бүлдіршіндер кішкентайынан бастап өз өмірлері үшін күресуіне тура келеді. Өкінішке орай, Кардиохирургиялық орталығының келушілері Елордалық мектептердің оқушылары болып табылады. Ол жүрек ақауы бар балалар.
Толыққанды өмір үшін күресте тынымсыз еңбек етіп, ауруды жеңе алған балалар. Бұл – дәрігерлердің жұмысы және ата-аналардың қамқорлығы.
Кішкентай науқастар шығармашылықтың әртүрлі бағытында көрермендерді қуанта отырып үлкен талант пен шеберліктерін көрсетті.
Концертке кішкентай науқастардың туыстары мен жақындары ғана емес, сонымен қатар ғылыми орталығының барлық қызметкерлері қатысты.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлының атынан балаларға батылдығы үшін мақтау қағазы табыс етіліп, кітаптар мен жаңа жылдық сыйлықтар мен жемістер сыйға тартылды.
Біздің балалар әрқашан дені сау және бақытты болсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған